Йемендік хуситтер АҚШ-тың Сана мен оның маңындағы аудандарға 10 соққы жасағанын хабарлады
АСТАНА.KAZINFORM - Бірқатар әуе соққысынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Йемендік хуситтер АҚШ-ты дүйсенбіге қараған түні ел астанасы Сана мен оның айналасына 10-ға жуық соққы берді деп айыптады.
Йемендік Al Masirah басылымының хабарлауынша, соңғы шабуылдар әл-Джауф провинциясындағы Хаб және Эш-Шааф аудандары, Санадағы Аттан ауданы және Марибтегі Рагван ауданына бағытталған.
Хуситтермен байланысы бар Sabа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі шабуыл ел астанасындағы Арбаин көшесінде және біреуі әуежайға баратын жолда жасалған. АҚШ соққы жасады деп айыпталып жатыр.
Йемен үкіметінің хуситтер бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Саван аймағындағы шабуылдан 16 адам жараланған.
Crews embarked on USS Carl Vinson (CVN 70) and USS Harry S. Truman (CVN 75) resupply at sea and operate 24/7, targeting Iran-backed Houthi terrorists within Houthi controlled areas of Yemen.#HouthisAreTerrorists pic.twitter.com/TgT1dKEVcr
— U.S. Central Command (@CENTCOM) May 2, 2025
Соққылар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху хуситтерге қарсы жауап қайтаруға және Иранға қарсы шара қолдануға уәде бергеннен кейін жасалды. Израиль премьер-министрінің мәлімдемесі хуситтер Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына баллистикалық зымыранмен шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.
Салдарынан халықаралық рейстер тоқтатылып, алты адам зардап шекті.
Бірнеше сағаттан кейін хуситтер Израиль армиясының Газа секторындағы «басқыншылық соғысын» кеңейтуіне жауап ретінде оның әуежайларын нысанаға алып, Израильге «әуе блокадасын» салуға тырысатындарын айтты және әуе компанияларын рейстерін тоқтатуға шақырды.
Наурыз айынан бастап АҚШ әскері Йемендегі әуе шабуылдарын күшейтті.