Ыстамбұл делегациясы мен Алматының Алмалы ауданының әкімдігі 600 адамға ауызашар берді
Түрік делегациясының құрамына кәсіпкерлер, депутаттар, Ыстамбұлдың мемлекеттік органдарының депутаттары кірді. Қонақтар Алматының көрнекті жерлерін аралап, қаламен танысты. Кездесу барысында тараптар мәдениет, білім беру, туризм және кәсіпкерлік салаларындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетуге әзірліктерін білдірді.
«Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып таныған Түркия бүгінде біздің еліміздің халықаралық сахнадағы жетістіктерін мақтан етеді. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету құқығы алғаш рет Орталық Азия еліне сеніп тапсырылып отыр», деп атап көрсетті делегация жетекшісі Докман Чагырыджи.
Түрік делегациясының сапары қасиетті Рамазан айына және Оразаға орайластырылып отыр. Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен түрік делегациясы 600 адамға ауызашар ұйымдастырды.