Ыстықкөл курортты аймағының халқы туристерді өздері қорғауға дайын - Қырғыз елшісі

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаныш Рүстенбеков Ыстықкөл курортты аймағының халқы туристерді өздері қорғауға дайын екенін айтып,
None
None

қазақстандықтарды сол жерде алаңсыз демалуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздер барлықтарыңызды Ыстықкөлде күтеміз. Біз үшін бұның экономикалық және саяси маңызы зор. Себебі, туристер қаншалықты көп келетін болса, біздің еліміздегі тұрақтылық та соншалықты мығымдала түседі. Бұл саяси ниет емес, сіздерді қырғыз халқы күтіп отыр. Мен жақында ол жердегі халықпен телефон арқылы тілдестім, олар қазақстандықтар қашан келеді деп сұрап жатыр. Сіздердің турист ретінде шын мәнінде маңыздарыңыз зор. Қазіргі уақытта онда тәртіп орнату үшін тек қана күштік құрылымдардың штабтары ғана құрылған жоқ, сонымен бірге ол жердің халқы да туристерді қорғауға дайын. Жасыратын несі бар, олар туристерден түсетін ақшаға өмір сүреді», деді Ж. Рүстенбеков бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жазғы маусымда Ыстықкөл курортты аймағындағы баға да аса қымбат емес. «Бұдан үш-төрт жыл бұрын баға шарықтап кеткен еді. Ал, қазіргі кезде туристер тамақты қоса есептегенде тәулігіне 20-30 долларға демалуларына болады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар