Ыстықкөлде ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кездеседі

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 3 маусымда Қырғызстанның Шолпан ата қаласында ТМД атқарушы хатшысы - Атқарушы комитет төрағасы Сергей Лебедевтің қатысуымен Достастық мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
None
None

Достастықтың Атқарушы комитеті хабарлағандай, Кеңес мүшелері 2016 жылы өтетін өз елдерінің қарулы күштерінің бірлескен шараларын белгілеп, 2015 жылғы тамызға белгіленген Халықаралық армиялық ойындар мен Достастық елдерінің әуеге қарсы қорғанысы бірлескен жүйесінің «Жауынгерлік Достастық-2015» бірлескен оқу-жаттығуына дайындық барысын талқылайды.

2015 жылғы наурыз-мамыр аралығында өткен Жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының халықаралық олимпиадасының қорытындысы шығарылады.

Отырыста ТМД елдері ӘК-де ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі, минасыздандыру саласында, әскери метрология проблемаларын зерттеу, қарулы күштерді метрологиялық қамтамасыз ету саласында мамандарды дайындау бойынша базалық ұйымдар туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар