Юлия Путинцева Париж турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 77-ракеткасы Юлия Путинцева (Франция) WTA 125 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Юлия Путинцева совершила мощный рывок в мировом рейтинге
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші челленджер жарысының екінші айналымында рейтингіде 152-орындағы украиналық Виктория Подрезбен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен Юлияның пайдасына шешілді. Ол екінші сетте қарсыласына тіпті бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Подрез 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін франциялықтар, әлемнің 108-ракеткасы Диан Парри немесе рейтингіде 277-сатыдағы Хлоэ Пакенің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Франциядағы жарысты сәтті бастағанын жазған едік.