ЮНЕСКО Бас директоры «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 20 жыл толуына орай құттықтау жолдады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Матцуура «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 20 жыл толуына орай құттықтау жолдады.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «1989 жылы Қазақстан жерінде дүниеге келген қозғалыс сынақ аймағының жабылуына ғана емес, сонымен қатар басқа да үкіметтердің бұдан үлгі алуларына себепкер болды. Ядролық сынақтардан жапа шеккен қоршаған ортаның және адамдардың тағдырына назар аудару арқылы «Невада-Семей» қозғалысы адам құқығы мен құндылықтарын құрметтеуге шақырды», делінген құттықтау хатта. Сонымен қатар К. Матцуура ядролық сынақтарға қарсы халықаралық деңгейде қолдауды жұмылдыра алғаны және келешек ұрпаққа тұрақты, салауатты дүниені табыс етуге бағытталған күш-жігері үшін Қазақстанға алғысын білдірген. Айта кетейік, Невада-Семей» қозғалысы 2005 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем естеліктері» тізімнің құрамына енгізілген болатын.
Соңғы жаңалықтар