Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЮНЕСКО сессиясында Маңғыстаудың жерасты мешіттеріне қатысты шешім қабылданады

АСТАНА. KAZINFORM — 19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы басталды. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кыргызстан предложил ЮНЕСКО объявить 22 сентября днем кочевого наследия
Фото: Қырғызстанның мәдениет министрлігі

Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның бас директоры Халед Әл Анани қатысты.

Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.

Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.

— Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысып жатыр. Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.

Кейіннен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудағы жерасты мешіттерін енгізу жөнінде өтінім берілгені хабарланды.