Ерлан Қарин: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудағы жерасты мешіттерін енгізу жөнінде өтінім берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 ЮНЕСКО-ның Бүкіәлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудағы жерасты мешіттерін енгізу жөнінде өтінім берілді
Фото: Ақорда

Мәжіліс барысында ЮНЕСКО және ИСЕСКО-мен өзара ынтымақтасты дамыту бойынша жоспарлар мен басымдықтар талқыланды.

Ерлан Қарин сөзінде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастыққа ерекше маңыз беретін Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

- 2024 жылдың наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың Үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көздің қарашығындай сақтап, әлемдік деңгейде таныту керек теңдессіз табиғи және тарихи нысандардың көптігін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО-ның қарауына ұйымның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» енгізу туралы өтінім берілді. Қазіргі таңда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау кеңесі сарапшыларының елімізге келу мәселесі талқыланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өткенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар