ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның бастамасымен Қазақстан аумағы бойынша адамзаттың қоныстану картасы жасалмақ

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның бастамасымен Қазақстан аумағы бойынша адамзаттың қоныстану картасы жасалатын болады.

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның бастамасымен Қазақстан аумағы бойынша адамзаттың қоныстану картасы жасалмақ

Бұл туралы бүгін Астанада өткен аталмыш Ұлттық комиссияның отырысында ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов мәлім етті.

Өткен жылы Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ықпалдастығы ерекше оқиғаларға толы болды. Олардың арасында - қазақстандық делегациясының ЮНЕСКО Бас конференциясының 35-ші сессиясына қатысып, оның барысында Ұйымның маңызды органы: 2009-2013 жылдар мерзіміне ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесіне мүше болып сайлануы бар.

О.Сүлейменовтың пікірінше, бұл оқиға аясында өткен жыл Қазақстан үшін «ерекше» болды.

Мәдениеттерді жақындастыру жылында ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық бірқатар маңызды конференциялар ұйымдастырылмақ.

О.Сүлейменовтың айтуынша, олардың бірі - «Әл-Фараби және еуропалық қайта жаңғыру» конференциясы. Шараны алдымен Афиныда өткізу жоспарланды, бірақ Мысырда қазір болып жатқан жағдайларға байланысты жоспарға өзгертулер енгізілді.

Сондай-ақ, Американың колумбтық қоныстануына дейінгі халықтардың ұлы көшінің жаһандық мәдени маңызына қатысты конференциялар өтеді. Олар - Нью-Йорктың Колумб университетінде, Оңтүстік-шығыс Азияға қоныстану тақырыбына қатысты Қытайда өтетін болады.

«Соңғы қорытынды конференцияны барлық материалдардың басын қосып, Астанада өткізбек ойымыз бар. Сондай-ақ Ұлттық комиссияның бастамасымен біздің жеріміз бойынша Адамзаттың қоныстану картасы жасалады. Бұл Картаның тарих үшін ғана емес, сондай-ақ саяси үлкен құндылығы болады», - деді ол.