ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның бастамасымен Қазақстан аумағы бойынша адамзаттың қоныстану картасы жасалмақ
Бұл туралы бүгін Астанада өткен аталмыш Ұлттық комиссияның отырысында ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов мәлім етті.
Өткен жылы Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ықпалдастығы ерекше оқиғаларға толы болды. Олардың арасында - қазақстандық делегациясының ЮНЕСКО Бас конференциясының 35-ші сессиясына қатысып, оның барысында Ұйымның маңызды органы: 2009-2013 жылдар мерзіміне ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесіне мүше болып сайлануы бар.
О.Сүлейменовтың пікірінше, бұл оқиға аясында өткен жыл Қазақстан үшін «ерекше» болды.
Мәдениеттерді жақындастыру жылында ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық бірқатар маңызды конференциялар ұйымдастырылмақ.
О.Сүлейменовтың айтуынша, олардың бірі - «Әл-Фараби және еуропалық қайта жаңғыру» конференциясы. Шараны алдымен Афиныда өткізу жоспарланды, бірақ Мысырда қазір болып жатқан жағдайларға байланысты жоспарға өзгертулер енгізілді.
Сондай-ақ, Американың колумбтық қоныстануына дейінгі халықтардың ұлы көшінің жаһандық мәдени маңызына қатысты конференциялар өтеді. Олар - Нью-Йорктың Колумб университетінде, Оңтүстік-шығыс Азияға қоныстану тақырыбына қатысты Қытайда өтетін болады.
«Соңғы қорытынды конференцияны барлық материалдардың басын қосып, Астанада өткізбек ойымыз бар. Сондай-ақ Ұлттық комиссияның бастамасымен біздің жеріміз бойынша Адамзаттың қоныстану картасы жасалады. Бұл Картаның тарих үшін ғана емес, сондай-ақ саяси үлкен құндылығы болады», - деді ол.