18:25, 09 Қаңтар 2026 | GMT +5
Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Анталья қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізген.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ қазақстандық «классиктердің» қоржынында екі қола жүлде бар. 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастағанын жазғанбыз.