Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Із-түзсіз кеткен қызылордалықтың денесі жайылымға жақын жерден табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматқа қатысты іздестіру жұмысының нәтижесі белгілі болды.

Із-түссіз кеткен қызылордалықтың денесі жайылымға жақын жерден табылды
Фото: polisia.kz

Облыстық полиция департаменті хабарлама түскен бойда оны жедел түрде іздестіруге кіріскен.

Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.

— Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды. Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Ал жақында Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде ер адамның денесі табылды.