Заң шығару және оны орындау процесін бір жерде жұмылдыру өте маңызды – Ерлан Сайыров

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Президенттің бір палаталы Парламент құру туралы бастамасына қатысты ойын ортаға салды.

Ерлан Сайыров
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

- Қазақстан унитарлы мемлекет. Бүгінгі өте күрделі геосаяси жағдайда, заң шығару және оны орындау процесін бір жерде жұмылдыру өте маңызды. Сондықтан бір палаталы Парламентті жасақтау бүгінгі саяси күн тәртібіне сәйкес келеді. Сонымен бірге Парламентті партиялық тізіммен жасақтау туралы да ұсыныс енгізілді, - деді Ерлан Сайыров Президент Жолдауына қатысты.

Халық қалаулысының айтуынша, аталған ұсыныс саяси партиялардың рөлін арттырып, қоғам мен саяси партиялар арасындағы байланысты нығайтады.

- Саяси реформалар жалғасын тауып жатыр. Сенатты тарату мәселесі референдумда қаралатын болды, яғни елімізде заң шығару процесінде норма және процедура қарастырылып отыр. Осының барлығы Қазақстанда институционалды демократияның қалыптасқандығын көрсетеді, - деп толықтырды Мәжіліс депутаты.

Бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 30 жылда Сенат аса маңызды тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын баса айтты.

 

Соңғы жаңалықтар