Заң үстемдігі мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның басты негізі – Жеңіс Қасымбек

АСТАНА. KAZINFORM – Көптеген елдерде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау екені белгілі. Мұндай қоғамда азаматтар заң алдындағы жеке жауапкершілігін терең түсінеді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

вы
Фото: Видеодан алынған скрин

Оның айтуынша, халықаралық индекстерге сүйенсек, заң мен тәртіпке басымдық берген мемлекеттер әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді, ал олардың азаматтары мемлекеттік институттарға жоғары деңгейде сенім білдіреді.

– 2023 жылы Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» идеясы бүгінде ел азаматтарының өмір салтына айналып келеді. Азаматтардың қоршаған ортаға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі маңызды. Мен бұл қағидатты негізгі постулаттардың бірі ретінде толық қолдаймын. «Таза Қазақстан» – тек экологияға қамқорлық емес, бұл ойдың, сөздің тазалығы, іс-әрекеттегі жауапкершілік, заңға және қоғамдық құндылықтарға деген құрмет. Сондай-ақ күнделікті өмірде мәдениетті сақтау дегенді білдіреді. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген әрбір азамат прогрессивті, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға үлес қоса алады, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жақсыбек Құлекеев бүгінгі отырыста жаңартылатын Конституция мәтінін әлі де жетілдіруді ұсынып, нақты терминдерге тоқталды.

Соңғы жаңалықтар