Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM — 18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті.
Турнирдің сегізінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандықтың алғашқы қарсыласы словакиялық Леон Слобода болды. Үш сетке созылған матчта Заңғар 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 2 сағат 28 минут өткізді. Осылайша, Нұрланұлы шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.
Айта кетелік Уимблдон турнирі: Бес сеттік матчта жеңіске жеткен Бублик төртінші айналымға өткен еді.