Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды - ҚР Бас прокурорының орынбасары

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат -  Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Заңгерлердің І республикалық съезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель айтты.

Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды - ҚР Бас прокурорының орынбасары

«Заңгерлер одағының заң шығармашылық қызметіне қатысуы маңызды болып табылады. Өйткені, дәл осы заңгерлер тәжірибеде заңды жиі қолданады. Сәйкесінше, құқық қорғау тәжірибесіндегі барлық кем-кетікті біледі», - деді ол.

И. Меркельдің пайымынша, бұл ретте құқық қолдану тәжірибесіне тұрақты мониторинг жүргізу өте маңызды болып табылады. Бұл заңгерлік қоғамдастықтың қолынан толығымен келеді.