Зеленский Лондонда «Ниеттілер коалициясының» жетекшілерімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен, Германия канцлері Фридрих Мерцпен және Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы ВВС агенттігі жазды.

Зеленский Лондонда «Ниеттілер коалициясының» жетекшілерімен кездесті
Фото: ТАСС

Кездесу барысында Украина президенті соғысты тоқтату жөніндегі американдық жоспарға қатысты өз ұстанымын қорғады. Келіссөз жүргізушілер өз жұмысындағы прогресті атап өтті. Бірақ жексенбі күні Дональд Трамп Зеленскийдің ұстанымына наразылық білдірді.

Зеленский мен «Ниеттілер коалициясы» жетекшілерінің жүздесуі екі сағатқа созылды. Содан кейін Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Фридрих Мерц Ұлыбритания Премьер-министрінің резиденциясынан шығып кетті.

Жиынның нәтижесі әлі хабарланбады. Оның қорытындысы бойынша жазбаша мәлімдеме жасалуы мүмкін. 

Жалпы кездесуде АҚШ және Украина делегацияларының үш күндік басқосуындағы келіссөздер нәтижесі талқыланды. Зеленский сенбі күні кешке әлеуметтік желілерде Флоридадағы келіссөздердің барлық қатысушыларымен телефон арқылы ұзақ және мазмұнды әңгіме өрбіткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Украинаға қатысты жиын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар