Зеленский Трамппен арада «жақсы әңгіме» болғанын хабарлады
АСТАНА.KAZINFORM - Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинаны қолдағаны үшін алғыс білдірді.

– Мен АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлестім. Өте жақсы әңгіме болды. Украинаны қолдауға және адам өлтіруді тоқтатып, ұзақ және әділ бейбітшілік жолында бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға дайын болғаныңыз үшін рахмет, - деп жазды Владимир Зеленский Facebook парақшасында.
Зеленский Трамптың НАТО Бас хатшысымен кездесуі туралы жариялағанын хабарлады.
– Біз бейбітшілікке қол жеткізу үшін барынша өнімді жұмыс істеуге дайынбыз. Біз телефон арқылы жиі хабарласып, алдағы уақытта қадамдарымызды үйлестіруге келістік. Рахмет, Президент мырза! Рахмет, Америка! – деді Владимир Зеленский.
Бұған дейін Трамп Украинаға америкалық қару жеткізілетінін мәлімдеген еді.
Оның алдында Трамп Ресейді санкциямен қорқытты.