Зерттеу: чат-боттар жауаптың 40 пайыздайын ойдан шығарады

АСТАНА. KAZINFORM – Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ChatGPT, Claude, Gemini және басқа да чат-боттар өз жауаптарының шамамен 40 пайызына дейінгі бөлігін ойдан шығарып, оларды шындық ретінде ұсынады, деп хабарлайды DW

ЖИ
Фото: Freepik

Бұл зерттеуді Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) жүргізген.

Tagesschau басылымының жазуынша, әсіресе аймақтық жаңалықтар немесе бірнеше ақпараттық үзінділерді біріктіру кезінде чат-боттар жиі жалған мәлімет береді.

Мысал ретінде әртүрлі чат-боттардың жалған тұжырымдары келтірілген: мысалы, ChatGPT Рим папасы Франциск тірі деп айтуы мүмкін, Microsoft Copilot Швецияның НАТО мүшелігін білмейді, ал Google Gemini АҚШ заңдарына қайшы болса да, Дональд Трамптың қайта сайлануы мүмкін деп есептейді.

Зерттеушілердің айтуынша, пайдаланушылар чат-боттардың жауаптарына жиі сеніп, ақпараттың дұрыстығын тексермейді. Мұндай жағдай, мысалы, сайлаушылардың дауыс беру кезіндегі шешіміне жалған ақпараттың әсер етуіне әкелуі мүмкін.

EBU жаңалықтарды оқығанда тексерілген, сенімді сайттарға сүйенуге және жасанды интеллекттің жауаптарын факт ретінде қабылдамауға шақырды.

Айта кетелік жасанды интеллект ешқашан адамның орнын алмастыра алмайды. Сол үшін оның берген жауабына толық сенудің қажеті жоқ.

Соңғы жаңалықтар