Зерттеу нәтижесі: COVID-19 вакцинасы қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі
Nature журналының мәліметі бойынша, иммунотерапияны бастағаннан кейін 100 күн ішінде мРНҚ вакцинасын алған пациенттердің үш жылдық өмір сүру деңгейі екпе алмағандарға қарағанда екі есе жоғары болды. Әсіресе күшті әсер «суық» деп аталатын ісігі бар науқастарда байқалды. Мысалы, простата және ұйқы безі обыры барларға иммундық жүйе әдетте әлсіз жауап береді. Алайда вакцина алу аталған науқастардың өмір сүру мүмкіндігін бес есе арттырды.
Зерттеу авторлары түсіндіргендей, мРНҚ вакциналары иммундық жүйе үшін дабыл сигналы ретінде әрекет етеді: иммундық жасушаларды белсендіреді, рак клеткаларын танып, жоя бастайды. Дегенмен, дәстүрлі вакциналар мұндай нәтиже бермеді.
Қазір зерттеушілер мРНҚ вакцинациясының онкологиялық науқастар үшін стандартты терапияның бөлігі бола алатынын растау үшін үлкен клиникалық сынақты жоспарлап отыр.
— Кез келген вакцина иммунитетті арттырады, - дейді неміс иммунологы Карстен Ватцл.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай қартаюды бәсеңдететін екпені сынақтан өткізді.