Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы өміршең болмайтын еді - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты
АҚТӨБЕ. 10 маусым. ҚазАқпарат - «Мемлекет басшысы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы бойынша дұрыс шешім қабылдады.
Заң жобасы болған ескі күйінде өміршең болмас еді», - деп есептейді Нарықтар, сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындары қауымдастығының Ақтөбе филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Дмитрий Довматенко.
Оның айтуынша, әйелдер лайықты зейнетке шығу үшін жақсы зейнетақылық аударымдар болуы тиіс, оған зейнетке шығу жасын ұлғайта салумен қол жеткізу мүмкін емес.
«Ескі заң жобасы бойынша әйелдердің зейнеттік жасын арттыру көзделген - 5 жылда 50 теңге жалақысы бар орташастатистикалық қазақстандық әйел бұл уақытта небәрі 300 мың теңге жинай алатын еді. Бұл қаржы оның зейнеттік өмірінің тек 6 айына ғана жетеді. Әйелдердің дені одан да төмен жалақы алады», - дейді Д.Довматенко.
Д.Довматенко ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет заң жобасы бойынша жұмысты «құлатты» деген сөздерімен келісетіндігін айтады.
Дмитрий Адамович сондай-ақ декреттік және бала күтіміне байланысты демалыс кезінде жұмыс істейтін әйелдер үшін 10 пайыздық зейнетақылық жарнаны төлеу туралы ұсынысын да құптайды.