Зейнеткерлерге мүгедектік тобы мезгілсіз белгіленеді – министрлік
АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты қорғау министрлігі мүгедек жандарға мүгедектікті мезгілсіз белгілеу механизміне қатысты түсінік берді.

- Қазақстанда мүгедектік топ 18 жасқа толған азаматтарға қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізіміне енгізілген 59 нозологиялық нысан бойынша мерзімсіз белгіленеді. Сондай-ақ организм функцияларының тұрақты қалпына келмейтін өзгерістер мен бұзылулар болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 4 жыл, екінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 5 жыл және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде 6 жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді. Одан басқа, зейнет жасындағы адамдарға 16 болжамы қолайсыз болған кезде, мүгедектік топ мерзімсіз белгіленеді, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы Жасұлан Үлмесеков.
Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 211 мыңнан астам қызмет алды.
Еске сала кетсек, былтыр 76 мыңнан астам адам мүгедектікке өтінімді онлайн берген.