Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем Кубогының 5-кезеңі жалғасып жатыр. 

Нариман Курбанов
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді.

1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.733
2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.600
3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.000

Сондай-ақ Зейнолла Ыдырысов 5 әлем Кубогының қорытындысы бойынша, жалпы есепте топ жарды. Отандасымыз Хорватиядан бөлек, Түркия, Мысырда бәсекелерде де күміс жүлде алған болатын.

Айта кетейік, Осиектегі әлем Кубогы кезеңіне 50 елден 130 спортшы қатысып жатыр.

Айта кетелік Астана қаласында Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан – Канада матчында жеңімпаз анықталған еді.