Жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті күшейту жолымен Қазақстан жеке қауіпсіздігін нығайтуда - Е.Ыдырысов

АСТАНА. ҚазАқпарат - МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің құрылуы арқылы біз жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті күшейту жолымен өзіміздің жеке қауіпсіздігімізді нығайтудамыз. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

«Бірінші кезекте Қазақстан жаһандық ядролық қарусыздану мен оны таратпаудың басты жақтастарының бірі. Сондықтан Қазақстанда Төмен байытылыған уран банкін құру туралы шешімді қабылдай отырып, біз алдымен жаһандық ядролық қауіпсіздікке нақты ауқымды үлесімді қосып отырмыз. Яғни, осы арқылы біз жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті күшейту жолымен өзіміздің жеке қауіпсіздігімізді нығайтудамыз. Бұл тұрғыда нақты үлесіміз қосудамыз және басымдыққа ие боламыз»,- деді министр. Сонымен қатар Е.Ыдырысов бұл тұрғыда Төмен байытылған уранның банкі толықтай МАГАТЭ (Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік) қамқорлығында болатынын айта келе: «Осы тұрғыда біз бұл маңызды халықаралық ұйыммен ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз. МАГАТЭ-мен ынтымақтастық салалары өте кең. Біз Қазақстанда ядролық атом энергетикасын дамытуға ниеттіміз», - деді. Осы орайда ҚР СІМ басшысы ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалану үшін аталған ұйыммен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) еліміздің аумағында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойды. Атап айтқанда, банк ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Онда атом энергетикасының қажеттілігі үшін пайдаланылатын төмен байытылған уран сақталады.

Соңғы жаңалықтар