Жақ сүйегі сынған: «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков матч кезінде жарақат алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық команданың қақпашысы «Ақтөбе» ойыншысы Жайро Жанмен соқтығысып, жақ сүйегін сындырып алды.

Жақ сүйегі сынған: «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков матч кезінде жарақат алды
Фото: видеодан алынған скрин

Ақтөбеде өтіп жатқан матчта алматылық клубтың қақпасында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза тұр.

«Қайрат» клубы әзірге өз алаңында 1:0 есебімен қарсылас команданы жеңіп жатыр. Кездесудегі бірінші голды Дастан Сәтпаев соқты. 

Айта кетейік, «Қайрат» 18 қыркүйек күні ЧЛ аясында «Спортингпен» кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан әйелдер лигасында БИІК көш басына шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар