Жақсықылыш ауылында 212 ардақты ана тұрады - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысы Жақсықылыш ауылында 212 ардақты ана тұрады. Бір отбасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері бар. Жалпы өңірде бала туу көрсеткіші артуда. Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Облыс бойынша бір күннің өзінде орта есеппен 150 бала дүниеге келеді. Егер осы қарқыннан таймаса, облыс халқының саны алдағы екі жылда 1 миллионға жетеді деген болжам бар.

Жақсықылыш ауылын көпшілік «алтын құрсақты аналар мекені», - дейді. Мұндағы әрбір үйдің базары - бала. Әр әулетте кем дегенде 5 ұрпақ бар. Бүлдіршіндердің бал күлкісі мен тәп-тәтті былдырлаған тілімен отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі саналатын ақ жаулықты аналардың мейірімді сөзімен қуаттанған елді мекен осынысымен өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Өмірді ізгілендіретін қыз бала дүниеге келгеннен кейін ол өсе бастағаннан барған ошағының отын жағып, шаңырағын биік ұстауды құлағына құяды, санасына сіңіреді. «Бала - адамның болашағы, өмірінің жалғасы. Осыны қыздарыма да, келіндеріме де айтып отырамын. Қазақта «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады», - деген сөз бар. Әр баланың өзінің несібесі болады. Ешкім мәңгілік емес, сол ұрпақтарымен мың жасайды», - дейді ардақты ана Күләйша Шәріпова.

Соңғы жаңалықтар