07:18, 25 Қазан 2015 | GMT +5
Жалған «Nike», «Adidas» сатқан саудагерлер қомақты айппұл төледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Башқұртстанда прокурорлық тексеруден кейін контрафактілік өнім сатқаны үшін 32 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «Стерлеград» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ақпараттың агенттік өкілінің айтуынша, кәсіпкерлер тауар белгілерін заңсыз пайдаланған, өз дүкендерінде контрафактілік спорт киімдері: «Nike», «Adidas», «Reebok», «Lacoste», «Смешарики», «Маша және аю» логотиптерімен балалар тауарларын сатқан.
Сот шешімімен саудагерлерге жалпы сомасы 410 мың рубль әкімшілік айыппұл салынды, бұдан басқа олардан 760 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді.