Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
ТАРАЗ.KAZINFORM - Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.
Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған. Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Полиция жол қозғалысы ережелерін қасақана және жүйелі түрде бұзу жол-көлік оқиғаларына тікелей қауіп төндіретінін ескертті. Сонымен қатар жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Бұған дейін 66 рет жол ережесін бұзған қызылордалыққа 2 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жазған едік.
Қарағандылық әйел 30 жылда бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған.