Жамбыл облысында аурухананы жөндеу кезінде 16 млн теңге заңсыз төленген

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында прокурорлар аурухана құрылысы кезінде бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғанын анықтады. 

аурухана
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Талдау барысында аудандағы көпсалалы орталық ауруханасын күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының жалған орындалу актілері негізінде 16 млн теңгеден астам қаражат негізсіз төленгені анықталды.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына авторлық және техникалық қадағалаушыларды жоғарыда көрсетілген актілерге қол қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актісін енгізді.

Алайда басқарма прокуратураны хабардар етпей, ұсынысты қарап, құқық бұзушылықтың жоқтығын алға тартып, оны орындаусыз қалдырған.

Осы ретте прокурорды хабардар етпегені үшін басқарма ӘҚБтК-нің 666-бабы бойынша 100 АЕК айыппұл мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура актісін қарау қорытындысы бойынша мердігер барлық жұмысты толық көлемде орындады. Сонымен қатар авторлық және техникалық қадағалау органдары ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетелік бір айда 18 млрд теңге залал келтірген сыбайлас жемқорлық істері әшкереленген еді

Соңғы жаңалықтар