Жамбыл облысында екі жасөспірім бірінен соң бірі суицид жасады

ТАРАЗ. KAZINFORM – Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.

суицид мужчина
Фото: freepik.com

Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», - деп мәлім етті Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Облыстық прокуратура суицид туралы ақпаратты растады.

Осыған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің суицидті насихаттаған 150-ден астам фактіні анықтағаны труалы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар