Жамбыл облысында инвесторға тиесілі жер басқа адамға заңсыз берілген

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының Табиғат қорғау прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жобаны іске асыратын «Gold Stone LLP» ЖШС құқықтарын қалпына келтірді. 

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Инвестор прокуратураға Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер учаскесін беру мәселесіне байланысты әрекеттеріне шағымданған.

Талдау барысында жер заңнамасының елеулі бұзушылықтары анықталды. Прокуратура белгілегендей, инвестордың тау-кен бөлу шекарасына кіретін 36 гектар жер учаскесі өндірістік базаны орналастыру үшін басқа жер пайдаланушыға берілді.

Бұл ретте жалға алу құқығы міндетті Сауда-саттықты өткізбей ресімделген, бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының талаптарына тікелей қайшы келеді.

Табиғат қорғау прокуратурасы араласуынан кейін ғана әкімдіктің заңсыз қаулысы прокурорлық қадағалау актісімен жойылды. Кінәлі лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Бүгінгі таңда жер комиссиясы даулы учаскені тікелей инвесторға беру туралы ұсыныстар әзірледі.

Айта кетелік Астана прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап, 20 млн долларлық жобаны іске қосқан еді