Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауынан 42 көлікті шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қордай ауданының ескі асуында, жабық учаскеде төтенше жағдайлар қызметінің күштері қар құрсауында қалған көліктерді шығару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Ведомство мәліметінше, ТЖД қызметкерлері қардан 42 автокөлікті, оның ішінде 7 жүк көлігін және 35 жеңіл автокөлікті шығарды. 

— Барлық жүргізуші мен жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ және өз бағыттары бойынша жолдарын жалғастырды. Жолдың жабық бөлігінің алдында айтарлықтай көп көлік жиналып қалған: 350 жүк көлігі және 110 жеңіл автокөлік. Олар Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Қордай ауылы маңында шоғырланған, — делінген хабарламада.

ТЖМ ауа райы нашарлаған кезеңде ұзақ жолға шықпауға және құтқарушылардың нұсқауларын сақтауға шақырады.

Бұдан бұрын Абай облысында 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойғанын жаздық.