Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында рұқсат етілмеген 95 қоқыс полигоны жойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында 98 заңсыз қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында рұқсат етілмеген 95 қоқыс полигоны жойылды
Фото: Gov.kz

«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясында Жамбыл облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр.

Жамбыл облыстық экология департаменті рұқсат етілмеген қалдықтарды тастау орындарын, соның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутниктік суреттерін пайдаланып бақылауда.

— Мониторинг нәтижелері бойынша биыл аймақта 98 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталды, оның 95-і жойылды. Бұл жою деңгейін шамамен 97%-ға жеткізеді. Анықталған орындар бойынша тиісті құжаттар жергілікті билік органдарына шара қолдану үшін жіберілді. Қалған қоқыс полигондарын жою жұмыстары жалғасуда және оларды Экология департаменті бақылап отыр, — делінген хабарламада.

Заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және салауатты қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді.

Бұған дейін Түркістан облысында 151 қоқыс полигонының көбі талапқа сай емес екенін жазғанбыз.