Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 49 адам жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

49 нарушителей наказали на водоемах Жамбылской области
Фото: Жамбыл облыстық ТЖД

Ведомство мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 741 мың теңгеден асты.

Демалыс және мереке күндері құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері су айдындарында рейдтер өткізіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Қауіпті учаскелерге жүздеген тыйым салатын және ескерту белгілері орнатылған.

– Биыл облыс аумағында шомылуға тек 12 орында ғана рұқсат берілген. Олардың қатарында Сеңгірбай, Теріс-Ащыбұлақ, Тасөткел су қоймалары, Қарабастау бұлағы, Жаңатас қаласындағы Орталық саябақ көлі, «Гавайи-Қордай» және «Ақбұлақ» демалыс аймақтары, сондай-ақ Шу өзеніндегі екі жағажай бар. Ал Тараз қаласында биыл ресми түрде шомылуға рұқсат етілген орын жоқ, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Бұған дейін елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 68 адамның, оның ішінде 24 баланың суға батып кеткені хабарланған болатын. Қайғылы оқиғалардың 90 пайыздан астамы шомылуға тыйым салынған әрі жабдықталмаған орындарда тіркелген.

– Азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз, – деп ескертті ведомство.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып қаза тапты.