Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысында Қордай ауданына қарасты Отар ауылының маңында (шамамен 1 шақырым жерде) жеңіл көлік аударылып, ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті
Фото: ТЖМ

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Көлік ішінде әртүрлі деңгейде жарақат алған үш адам болған. Өздігінен қозғала алмаған зардап шеккендердің бірі зембілге жатқызылып, жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.

Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті
Фото: ТЖМ

— Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында апатқа ұшыраған үш адам да көліктен шығарылып, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар