Жамбыл облысындағы жолда көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысындағы жолда ауа райына байланысты көліктердің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

-2025 жылғы 5 қараша сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қордай асуының жаңа айналма жолы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады,-делінген хабарламада.

Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2025 жылғы 6 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, «Қазгидромет» осыған дейін еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар