Жамбыл облысының барлық мектебі ішкі дәретханамен қамтамасыз етілген
ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысының барлық мектебі ішкі дәретханамен қамтамасыз етілген. Көшеде дәретханалдан мектептер жақын уақытта толықтай бас тартады.
Жамбыл облысындағы көше дәретханасының проблемасы 2019 жылдың қараша айында күн тәртібіне қойылған еді. Сол уақытта Тараз мектептерінің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. Ер адам 12 жасар қызға жыныстық зорлық көрсеткен еді. Қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жергілікті атқарушы органдар аймақтағы барлық 449 мектепте мектептің ішкі бөлігінде орналасқан дәретханамен қамтамасыз ету жөнінде уәдесін берген еді. Оған қоса көшедегі дәретханалар ұзақ уақыт бойы буллинг жасалатын орын ретінде көпшілік назарына іліккен еді. Сондай-ақ олар бұзақылыққа бейім оқушылардың тыйым салынған әртүрлі өнімдерді жасырын пайдаланатын орны болды.

2019 жылы аймақтағы мектептердің 63%-ы тек көше дәретханасын пайдалануына тура келді. 2020 жылы 285 мектепте ол ғимараттың ішкі бөлігіне орналасты. Бұл Таразда айтарлықтай проблема ретінде байқалған жоқ. Онда тек 5 мектепте салынды. Аудандарда ол көрсеткіш көбірек көрініс берді. Атап айтқанда, Байзақта — 37, Жамбылда — 28, Т. Рысқұлов пен Таласта — 29, Сарысуда — 21 мектепте пайдалануға берілді. Сондай-ақ Шу ауданында 35 дәретхана мектептің ішкі бөлігіне орналастырылды.
— Бүгінгі күні аймақтағы 449 мектеп жылы дәретханамен қамтамамыз етілген. Оның жартысынан көп бөлігі, нақты айтқанда, 266 мектеп көшедегі ескі дәретхананы жауып тастады. Қазіргі уақытта 70 мектеп қана орталық канализация жүйесіне қосылса, 379-ы аула септигін пайдаланады. Септиктер мен су ыдыстарының көлемі оқушылар контингентіне сәйкес келеді, - деді Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Күнімжан Жанғожаева.
Былтыр унитаз, бачок, писсуар, қолжуғыщ, араластырғыш, сорғы, су қоймасын сатып алуға және септиктерді кеңейтуге әкімдік тарапынан 664,9 миллион теңге бөлінді.
Жергілікті белсенділердің айтуынша, болған трагедия аталған жұмыстың негізгі түйткілі ретінде қарастырылған. Дегенмен көше дәретханасы санитарлық жағдайға байланысты да бас тартуға негізгі себеп екенін атап өтеді.
— Жылдың жылы мезгілінде гигиена сақтау мүлдем мүмкін емес. Қолқаны қапқан иістен демалу өте қиын. Бұл дәретхананы қысқы уақытта пайдалану қыз балаларға ауыр соғады. Біз балалар үшін осындай жағдай болғанын қалаймыз ба? - деді Жамбыл облыстық балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжанов.
Бұдан бұрын елімізде көшедегі дәретханасы бар ондаған мектеп бар екені хабарланды. Оған қоса 750 мыңнан астам қазақстандық оқушы буллингке қарсы біріккені белгілі болды.