Жамбылда басшылар 30 млн теңгенің базасын 270 мыңға сатып жіберген
ТАРАЗ. KAZINFORM — Талас ауданының прокуратурасы жылжымайтын коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісін анықтады.

2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты.
Бұл ретте базаның бағалау құны — 30 млн теңге.

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.
Осы факт бойынша былтыр 18 қазанда Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.
Оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылды.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22 ақпан 2024 жылғы шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарты мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.

22 мамырда апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.