Жамбылдағы «Аса-Ақкөл» трассасында жол апатынан бір адам қаза болды
АСТАНА. KAZINFORM — Автобуспен соқтығысқан жеңіл көліктегі жолаушы оқиға орнында мерт болды, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен басқа ешкім жоқ.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Van Hool автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf көлігімен соқтығысты.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция сонымен қатар аймақ тұрғындарын ауа райының нашарлауына байланысты ұзақ сапардан бас тартуға, орнатылған жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауға және ресми ақпаратты мұқият бақылауға шақырды.
Осыған дейін Ақтөбе-Атырау тасжолында 10 көлік соқтығысқаны хабарланды.
Ал Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болды.