Жамбыл облысы мен Қытайдың Шэньси провинциясының арасындағы ынтымақтастық дамуда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы мен Қытайдың Шэньси провинциясының арасындағы дамып келе жатқан ынтымақтастықтың аясында өңірде инновациялық жобалар жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан дүнгендері қауымдастығының төрағасы Хусей Дауровтың айтуынша, жамбылдық делегациясының былтыр Қытайға жасаған сапары өңірдегі бірқатар өндірістер мен нысандарға бастама болып отыр. «2008 жылы Жуалы ауданында жылдық қуаты 5 миллион кірпішті құрайтын кірпіш зауыты іске қосылды. Қордай ауданында сыр-бояу зауыты жұмыс істеуде, онда ай сайын «Қордай бояулары» деген маркамен 30 тонна сапалы өнімдер шығарылып жатыр. Қытай тарабымен аграрлық секторда да келісімдер жасалуда. Жамбыл ауданында қытайлық технология бойынша жеке кәсіпкер Қайрат Медеуовтің жылыжайлары салынған. Шаруашылық бүгінде қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жылы Қордай ауданында осындай 30 жылыжай салу жоспарлануда. Бұл жұмыс өткен жылы Шэньсида қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр. Екі шаруашылық тамшылап суарудың қытайлық технологиясын сынап көрмек. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін серіктестер мен мүдделі тұлғаларды табуға біраз уақыт кетті. Біз қытай тарабы оңтайлы шарттармен ұсынып отырған ең заманауи технологияларды табуға тырыстық. Сондай-ақ қытай технологиясы бойынша Байзақ ауданында «Жасұлан және К» ЖШС-ның заманауи оранжереясы жұмыс істейді. Жақында Жамбылға жасаған сапары барысында Шэньси провинциясының губернаторы Юань Чуньцин мырза серіктестікке жоғары технологияларды енгізу және гүлдердің бірегей сұрыптарын, оның ішінде орхидея сұрыптарын жеткізу жөніндегі ұсыныс жасады», - дейді Х.Дауров.
Соңғы жаңалықтар