Жамбыл облысында Ақсу өзеніне құлаған жеңіл көліктің ішіндегі екі жолаушыны іздеу жалғастырылуда

ТАРАЗ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 5 қаңтар күні Ақсу өзеніне құлаған жеңіл көліктің ішінде болған екі жолаушыны іздеу жұмыстары жалғастырылуда,

Жамбыл облысында Ақсу өзеніне құлаған жеңіл көліктің ішіндегі екі жолаушыны іздеу жалғастырылуда

деп хабарлайды облыстық ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

Сүңгуірлік іздеу-құтқару жұмыстары Ақсу өзенінің арнасымен ұзындығы 500 метрлік ағыс бойынша төменге қарай өтуде. Барлығы 1,3 шақырымдық учаске зерттелді. «Іздеу жұмыстары оң нәтижесін берген жоқ және жалғастырылатын болады», - деп нақтылады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын «Volkswagen Bora» маркалы көлік Ақсу өзеніне құлады, оның жүргізушісі мен екі жолаушысы аман қалды.

Тағы екі жолаушы - Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны А.Садыров пен Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның 23 жастағы тұрғыны К.Сартбаева табылмады.