Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында екі басқарманың басшысы ауысты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облысында екі басқарманың басшысы ауысты

Облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Рахия Тұрмаханбетова енді облыстық білім басқармасының басқарады. Оның алдындағы Сұлушаш Құрманбекова облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаеваның орнына келді.

Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орыны әзірге бос тұр.

Айта кетейік, Сұлушаш Құрманбаева 1963 жылы туған, жоғары білімді, 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Жамбыл қаласындағы №10 кәсіби-техникалық училищесінде құқықтану пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1986-1996 жылдары - Б.Момышұлы атындағы №45 орта мектебінде тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1996-2010 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында жетекші маман, бөлім басшысы, білім басқармасы басшысының орынбасары, 2010 жылдан бері - Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы.

Рахия Тұрмаханбетова 1962 жылы туған. Жоғары білімді, 1983 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Жуалы ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы жоғары мектептің математика пәні мұғалімі қызметінен бастады.

1986-1987 жылдары - Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері, 1987-1989 жылдары - Жуалы аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1992-1994 жылдары - Жамбыл облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінде бөлім меңгерушісі, 1994-1998 жылдары - Жамбыл облыстық жастар ісі, спорт және туризм басқармасында бас маман, бөлім басшысы, 1998-2004 жылдары - Жамбыл облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім басшысы, 2007 жылдан бастап - Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.