Жамбыл облысында із-түссіз жоғалған тұрғын іздестірілуде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ құтқарушылары бүгін Сарысу ауданында іздеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

«22 сәуірде Жамбыл облыстық ТЖД Сарысу аудандық ІІБ жоғалып кеткен Сарысу ауданындағы Шағанақ ауылының тұрғынын іздеуде көмек көрсетуін сұрады», - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

26 жастағы А. Мырзағұлов 20 сәуірде кешке атқа мініп кеткен. Біраз уақыт өткен соң оның жылқысы су болып үйге иесіз оралады. Ауыл тұрғыны болса үйіне әлі келген жоқ.

«Сарысу ауданында жоғалып кеткен адамды «Суда құтқару қызметі» ММ 6 маманы «Уаз» автокөлігінің көмегімен іздеуде», - деді облыстық ТЖД.

Соңғы жаңалықтар