Жамбыл облысында ТЖ бойынша департаменттің дағдарыстық орталығы қызмет атқаруда

ТАРАЗ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында аймақтың төтенше жағдайлар бойынша департаментінің дағдарыстық орталығы қызмет атқаруда.

Жамбыл облысында ТЖ бойынша департаменттің дағдарыстық орталығы қызмет атқаруда

«Орталық Жамбыл облысының аумағында төтенше жағдайды жою бойынша комиссия жұмысының тиімділігін арттыру және аймақтық көлемдегі шараларды жедел басқару мақсатында 2013 жылдың 12 қаңтарында өз қызметіне кірісті», - деп түсіндірді ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Облыстық ТЖД-нің штаттан тыс бөлімшесі ретінде құрылған дағдарыстық орталықта 28 офицер мен қызметкер жұмыс істеуде.

Алға қойылған міндеттерді орындау үшін орталық байланыстың қажетті техникалық құралдары және ұйымдастырушылық техникасымен жабдықталды, радио, сымсыз телефон байланысының арналары, сондай-ақ ұялы телефон операторларының арналары қолданылады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.