03:17, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында жасөспірім суға кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Шу ауданында суға шомылу кезінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жаңажол ауылы маңындағы магистральді арнада суға шомылу кезінде Қордай ауданының Масанчи ауылының тұрғыны, 15 жасар жасөспірім суға кетті.
«ТЖД басшылығы оқиға орнына «Судан құтқару қызметі» ММ-нің төрт адамнан тұратын сүңгуірлерін «Нива» автомашинасымен аттандырды. Іздестіру жұмыстары алғашында оң нәтижелер бермеді. Бірақ та 28 мамырдағы белсенді іздестіру жұмыстарының нәтижесінде суға кеткен баланы туыстары оқиға орнынан 500 метр жерден тауып, денесін судан шығарды», - деп түсіндірді Жамбыл облысы ТЖД-да.
Тергеу амалдары жүргізілуде.