Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан 10 адам зардап шекті - В Божко
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан 10 адам зардап шекті.
Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық режимдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Зардап шеккендер бар. Біреулерге құлаған құрылымның сынықтары тиіп, жарақат алған. Мендегі мәліметтерге сәйкес, шамамен 10 адам зардап шекті. Бірақ олардың ешқайсысы да аур жарақат алған жоқ», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, зардап шеккендердің барлығына да алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Дауыл орын алған аудандардағы ауруханалар тұрақты жұмыс істеуде.