Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық концерт өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразада «ҚХА - 20 ізгі іс» республикалық акияның аясында екі қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық концерт өткізді

Мерекелік бағдарламада облыстық ҚХА мүшелері, «Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі» мекемесінің қызметкерлері, облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Концертте қазақ және орыс тілдерінде, басқа да тілдерде әндер шырқалды. Сондай-ақ қазақтың ұлттық биі мен орыстың «Калинкасы», басқа да билер қарттардың көңілінен шықты, деп хабарлады Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасынан.