Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысының Қордай ауданында әкімдік пен фармацевтер келісімшартқа отырды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Қордай ауданында әкімдік пен фармацевтер аудан тұрғындарын дәрі-дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз ету және дәрі бағаларының өсуіне жол бермеу туралы келісімшартқа отырды.

Жамбыл облысының   Қордай  ауданында әкімдік  пен  фармацевтер  келісімшартқа   отырды

Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген меморандумның мерзімі жылдың соңына дейін сақталады.

Қабылданған құжатқа сәйкес, Қордай ауданының фармацевтері жылдың соңына дейін аудан тұрғындарын дәрі-дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз ету, бағаның өсуіне жол бермеу туралы міндеттеме алды.

Бағаларды сақталатын дәрі-дәрмектердің тізіміне 100-ден астам препарат кіріп отыр.

«Бұл меморандум - қоғамға тасталып отырған өзіндік «үндеу», мемлекет өз азаматтарын қажетті нәрселермен қамтамасыз ете отырып, оларға қамқорлық жасауы керек», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ермек Үйсімбаев.