Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбылдық синоптиктер алдағы демалыс күндеріне дауылдық ескерту жөнінде хабарлайды

ТАРАЗ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның жамбылдық филиалының мәліметтерінше, 25-27 қаңтар аралығында Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша жауын-шашын (қарға ұласатын жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыстан кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен қатты соғатын жел күтіледі, жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың жекелеген аудандарында жел екпіні 30 м/с асады.

Жамбылдық синоптиктер алдағы демалыс күндеріне дауылдық ескерту жөнінде хабарлайды

Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаменті Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ облыстық МБ мен ТЖ қызметтерінің бастықтарына ескерту шараларын өткізу қажеттілігі туралы хаттар жіберді.

Қазіргі кезде облыс жолдарындағы жағдай қалыпты. «Қазақавтожол» РМК кезекшілерінің, облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасы мен ТЖД-нің мәліметтерінше, Жамбыл облысы аумағындағы республикалық маңызы бар барлық жолдар, соның ішінде Қордай, Күйік, Шақпақ және Хантау аралықтарының учаскелері қозғалыс үшін ашық.

Арнайы жол техникасы қауіпті учаскелерде жолды тазалау және себу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бұған дейін Жуалы ауданының орталығы мен Б.Момышұлы - Қошқарата ауылдарындағы облыстық маңызы бар тас жолы қардан тазартылып, қазіргі кезде көліктердің қозғалысы үшін ашық, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.