Жамбылдықтар Польшаға Жібек жолын салуда

ТАРАЗ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Маусым айының басында Польша астанасы Варшавада Жамбыл облысының Мәдениет күндері аясында «Менің Жібек жолым саған қарай!» атты арт-жобасы шеңберінде шаралар өтеді.
None
None

Бағдарламада қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық шаралар қамтылып отыр. Жамбылдықтар қазақстандықтардың өнерін, ұлттық салт-дәстүрлерін Варшава тұрғындарына паш етеді.

«Менің Жібек жолым саған қарай!» арт-жобасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні генерал Андерстің армиясындағы польшалық солдаттардың Жамбыл облысында орналасқан зиратынан әкелінген топырағы бар капсуланы жерге көму шарасынан басталады.

Еске сала кетейік, Таразда 2012 жылдың мамырында Польша Республикасының Алматыдағы бас консулының қатысуымен Поляк мәдениетінің күндері өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар